Қырғызстанда Ыстықкөлді Алматымен байланыстыратын жол ашылды
АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Ыстықкөл облысының Түп ауданындағы Түп-Кеген жолын ашты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Қырғызстан басшысы жобаның маңыздылығына тоқталды.
— Бұл жолдың экономикалық және әлеуметтік маңызы зор, өйткені ол әсем Ыстықкөлді Қазақстанның Алматы облысымен және Алматы қаласымен байланыстырады. Алада, жоба тек жол құрылысымен ғана шектелмейді. Сондай-ақ Ыстықкөл аймағында тұрақты туризмді дамытуды көздейді, — деді ол.
Президент баспасөз қызметінің хабарлауынша, 52 шақырымдық Түп-Кеген жолы заманауи стандарттарға сай салынған. Жол учаскесінің 39-дан 76-ыншы шақырымына дейінгі бөлігі, сондай-ақ Қарқыра-Тұрық-Сары-Жаз жолының 13 шақырымы толығымен жаңартылды.
Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы «Қарқыра тас жолы» өткізу бекеті 2025 жылдың 25 тамызынан бастап тәулік бойы жұмыс істейтіні туралы бұған дейін хабарланған болатын.
Қыркүйек айында Қазақстан мен Қырғызстан халықаралық автобус бағытын қайта бастады. Алматы мен Қаракөл арасында Санташ асуы арқылы жаңа әуе жолы да ашылады.