Қырғызстанда Қамшы Көлбаевтың құны жарты млн доллар тұратын асылтұқымды жылқылары тәркіленді

Фото: Фото: Фото: pixabay

Қырғызстанда қылмыстық іс аясында жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында құны 500 мың АҚШ доллары болатын асылтұқымды жылқылар алынды.

Жылқылар жақында ғана, арнайы операция барысында өлтірілген Қамшы Көлбаевқа тиесілі болып шықты, деп хабарлайды Kazinform ҚР Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұйымдасқан қылмыспен күрес және олардың қаржыландыру көздерінің жолын кесу бағытындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру барысында Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті «ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатыр.

Қазіргі таңда қылмыстық жолмен табылған жылжымайтын және өзге де мүліктерді анықтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Осыған дейін Бішкекте арнайы операция кезінде қылмыстық авторитет Қамшы Көлбаевтың қаза тапқанын жазған едік.