Kazinform aгентігінің тілшісі бұл туралы Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топтарға қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында марқұм Қ.Көлбаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне қатысты «қылмыстық кірістерді заңдастыру (ақшаның ізін жасыру)» фактісі бойынша тергеуге дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілуде.
МҰҚК тексеруі барысында «Илбирс-Саадат», «Бурана Резорт», «Коста Браво» демалыс орындарындағы коттедж үйлер, сондай-ақ Шолпан-Ата қаласындағы сауда орталығы анықталды.