Қырғызстанда қар барысын өлтіргендерге салынатын айыппұл 2 миллион сомға дейін өсті

Фото: Фото: freepik.com

АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі жануарлар дүниесіне зиян келтіргендерге айыппұл көлемін ұлғайтатынын хабарлады. Бұл туралы Кабар жазды. 

2024 жылғы 12 шілдеде заңды және жеке тұлғалардың жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілеріне, құрамында мумия бар минералды шикізат пен саңырауқұлақтарға келтірген залалы үшін өндіріп алу мөлшеріне өзгерістер енгізу туралы ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысы шығарылды. 

Осы қаулымен жануарлар дүниесі объектілеріне келтірілген залал үшін өндіріп алынған талап қою сомаларын пайдалану тәртібі белгіленген. 

Ұлғайтудың басты мақсаты – жануарлар мен өсімдіктер дүниесі объектілерін қорғаудың жүйесін құру, биоалуантүрлілік саласын жақсартылған қорғауды қамтамасыз ету және жабайы жануарлар мен өсімдіктер әлемінің санын көбейтудің бірыңғай тәсілін әзірлеу. 

Айыппұл мөлшері:

қар барысы – 2 миллион сом (бұрын 1,5 миллион сом болды)

тауешкі (арқар), қоңыр аю, бұғы (марал), қарақұйрық – 1,5 миллион сом (бұрын 1 миллион сом болды)

елік – 100 мың сом (бұрын 50 мың сом болды).