Қырғызстанда қатерлі ісікке шалдыққан науқастардың саны көбейген

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылы Қырғызстанда қатерлі ісіктің 6 651 жаңа жағдайы тіркелді. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 8,9%-ға жоғары, деп хабарлайды Кабар.

Фото: ДСМ

Бұл туралы Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұл деректер 28 шілде күні өткен Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында жария етілді.

Жиын онкологиялық қызметті реформалауға арналды.

Медициналық көмекті ұйымдастыру және дәрілік саясат басқармасының басшысы Нұргүл Ибраеваның айтуынша, науқастардың 40%-дан астамы дәрігерге аурудың кеш сатысында ғана жүгінеді.

Кейбір өңірлерде бір жыл ішіндегі өлім-жітім көрсеткіші 40%-дан асып отыр, ал ел бойынша бес жылдық өмір сүру көрсеткіші — 34,2%.

Осыдан бұрын Қырғызстан ядролық және радиациялық апаттар кезінде көмек көрсету туралы халықаралық конвенцияға қосылғанын жазған едік. Радиологиялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу азаматтардың денсаулығын ұзақ мерзімді қорғау мен қоршаған ортаны қорғауға жағдай жасайды.