Қырғызстанда кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовқа іздеу жарияланды

Қырғызстанда Мемлекеттік кеден қызметі басшысының бұрынғы орынбасары Райымбек Матраимовқа іздеу жарияланды, деп хабарлайды Kazinform Кабар агенттігіне сілтеме жасап. 

Фото: kabar.kg

Бұрынғы шенеунікке Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабының 2.3-тармағы «Заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша айып тағылған болатын.

Бұған дейін Қырғызстанда Камчы Көлбаев пен Райымбек Матраимовпен жасырын байланыста болған түрлі дәрежедегі 226-дан астам мемлекеттік қызметкер әшкереленіп, оның 180-нен астамы қызметінен шеттетілгені хабарланған еді.

Одан кейін 50 кеден қызметкері Камшы Көлбаевпен байланысы үшін жұмыстан шығарылды.