Қырғызстанда қылмыстық топқа тиесілі қару-жарақ қоймасы табылды

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғызстанның Ош облысында Дженго ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелеріне тиесілі қару-жарақ жасырылған орын анықталды.

Фото: Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті

Бұл туралы агенттіктің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлады.

Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті мәліметінше, жасырын қойма «Ош» халықаралық әуежайы маңынан табылған.

Тексеру кезінде шолақ аңшы мылтығы, «Сайга» маркалы АК карабині, екі Макаров тапаншасы және аталған қаруларға арналған оқ-дәрілер тәркіленді.

Қазір қару-жарақты жасырған адамдарды анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар тәркіленген қару мен оқ-дәрінің қайдан шыққаны тексерілу үстінде.

Осыған дейін Қырғызстанда ұйымдасқан қылмыстық топтың қару-жарақ қоймасы табылғаны туралы жаздық.