АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан астансы Бішкек қаласында бұрын-соңды болмаған заманауи киіз үй тәріздес стадион салынады.
Фото: @sportqazaq желісінен алынды
Қырғызстан Президенті администрациясының хабарлауынша, ел астанасында 45 мың адам сыятын стадионның құрылысы басталған.
Фото: @sportqazaq желісінен алынды
Арена ұлттық нақыштармен әрленіп, жаңаша үлгіде киіз үйге ұқсас болады.
Қазіргі мәліметке сүйенсек, барлық талаптарға сай болатын заманауи стадионның құрылысымен шетелдік мамандар айналысып жатқан көрінеді. Стадионның іші қазіргі озық технологиялармен безендіріліп, спортшыларға керекті жабдықтармен толқытай қамтылмақ.
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.