Қырғызстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық иммунопрофилактика орталығының мәліметінше, қызылша ауруына қатысты жағдай шиеленіскен күйінде қалып отыр. Елде қызылшамен ауырған 4855 адам тіркелді. Вирустың белсенді айналымы Бішкек, Шу және Жалал-Абад облыстарында байқалады.
«Аурудың көбеюінің негізгі себебі балалар мен ересектер арасында қызылша мен қызамыққа қарсы жоспарлы иммундаудан бас тартудың көптігі себеп болып отыр. Науқастардың 85 пайызы 10 жасқа дейінгі балалар», - ведомствоның баспасөз қызметі.
Республикалық иммунопрофилактика орталығында дәрігерлерге арналған тренингтер өткізілуде, оның мақсаты — медицина қызметкерлерінің әлеуетін, халықтың хабардарлығын арттыру.