Қырғызстан Республикасы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауытты іске қосу кезеңінде Қытайдың «Джиабо» технологиялық компаниясы, Қырғыз Республикасы Президентінің Нарын облысындағы өкілетті өкілі және «Қырғыз поштасы» ААҚ арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.
Зауытты ашу жөніндегі келіссөздерден кейін «Джиабо» компаниясының бас директоры Хуан Юнци бастаған қытайлық инвесторлар зауыт құрылысына арналған жер телімдерін қарастырды.
Құрылыс аяқталған соң зауытта бензин, электр және газбен жүретін түрлі көлік құралдары шығарылады. Жергілікті тұрғындар үшін 100-ден 1 мыңға дейін жұмыс орны ашылады.
Еске салсақ, бұған дейін Қырғызстан Ұлттық банкі «ЕАЭО – 10 жыл» коллекциялық монетасын айналымға шығарғанын хабарлаған едік.