Қырғызстанда қоңыр аю популяциясы артты

Фото: Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігі

БІШКЕК. KAZINFORM — «Хан-Тәңірі» мемлекеттік табиғи паркінің аумағында жабайы жануарлар санының тұрақты өсуі тіркелді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі. 

Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы фототұзақтар мен фототехниканы пайдаланып жүргізілген мониторинг қорытындылары елдің Қызыл кітабына енгізілген қоңыр аю популяциясының өскенін көрсетті.

— «Хан-Тәңірі» мемлекеттік табиғи паркі табиғи кешендер мен биоәртүрлілікті сақтау мақсатында қорық аймағы, экологиялық тұрақтандыру аймағы, туристік-рекреациялық аймақ және шектеулі экономикалық қызмет аймағы сияқты функционалды аймақтарға бөлінген. Табиғи парк «Адыр-Төр», «Сары-Жаз», «Еңилчек» және «Қайыңды» сияқты бірнеше учаскеден тұрады. Табиғи ортаны үнемі бақылауды және табиғатты қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін әр учаскеде аралап шығу ұйымдастырылды, — деп хабарлады ведомство.

Осыған дейін Қырғызстан аумағында соңғы он жылда алғаш рет ортаазиялық өзен кәмшаты анықталғанын жаздық