Қырғыз Республикасының Табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы фототұзақтар мен фототехниканы пайдаланып жүргізілген мониторинг қорытындылары елдің Қызыл кітабына енгізілген қоңыр аю популяциясының өскенін көрсетті.
— «Хан-Тәңірі» мемлекеттік табиғи паркі табиғи кешендер мен биоәртүрлілікті сақтау мақсатында қорық аймағы, экологиялық тұрақтандыру аймағы, туристік-рекреациялық аймақ және шектеулі экономикалық қызмет аймағы сияқты функционалды аймақтарға бөлінген. Табиғи парк «Адыр-Төр», «Сары-Жаз», «Еңилчек» және «Қайыңды» сияқты бірнеше учаскеден тұрады. Табиғи ортаны үнемі бақылауды және табиғатты қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін әр учаскеде аралап шығу ұйымдастырылды, — деп хабарлады ведомство.
Осыған дейін Қырғызстан аумағында соңғы он жылда алғаш рет ортаазиялық өзен кәмшаты анықталғанын жаздық.