Бішкек әкімдігі әзірлеген заң жобасы қоғамдық талқылауға ұсынылды.
Бұл бастама ҚР Қылмыстық кодексіндегі «Марқұмның денесі мен жерленген жерін қорлау» туралы 164-бапты жаңа бөлікпен толықтыруды көздейді. Өйткені қолданыстағы заңнамада мұндай әрекеттер үшін арнайы қылмыстық норма қарастырылмаған.
Құжатқа сәйкес, жерлеу тәртібін бұзғандарға төмендегі жазалардың бірі тағайындалуы мүмкін:
• 50 мыңнан 100 мың сомға дейінгі айыппұл (260 мыңнан 520 мың теңгеге дейін);
• 80-нен 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту;
• 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу;
• 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Бұған дейін Қырғызстанда қайтыс болғандарға тас және мәрмәрдан ескерткіш қойып, құлпытас орнатуға тыйым салынғанын хабарлаған болатынбыз.
Ақзат Жиеналина