«Резервке алу және муниципалдық және мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарына тағайындау кезінде полиграфтан өтудің негізгі мақсаты – кандидаттың сыбайлас жемқорлыққа қатысты алғышарттарын анықтау. Полиграф мемлекеттік және муниципалдық қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қолданылып, патриоттарды билікке тартуға көмектеседі. Бүгінде бұл бағытта тиісті нормативтік-құқықтық актілер әзірленуде», - деді ол.
Базарбаевтың сонымен қатар атап өтуінше, агенттік болашақ мемлекеттік қызметкердің бойынан кәсіби, адамгершілік және психологиялық қасиеттерді жан-жақты бағалау, сондай-ақ IQ деңгейі мен көшбасшылық әлеуетін анықтау мақсатында биыл екі мультипсихометр сатып алған.