Қырғызстанда мейірбикелердің жалақысы артты

Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM —  Қырғызстанда денсаулық сақтау ұйымдарындағы техникалық және кіші қызметкерлердің жалақысы 20%-ға артты, деп жазады Кабар.

2025 жылғы 28 мамырдағы Қырғыз Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, министрлер кабинеті денсаулық сақтау ұйымдары қызметкерлерінің еңбекақы төлеу шарттарына өзгерістер енгізді.

Қабылданған өзгерістерге сәйкес, 2025 жылғы 1 мамырдан бастап техникалық және кіші қызмет көрсетуші персоналдың, соның ішінде кіші мейірбикелердің, санитарлардың, жедел жәрдем жүргізушілерінің және медициналық мекемелердің жұмысын қамтамасыз ететін басқа да қызметкерлердің жалақысы 20 пайызға көбейтілді.

Жалақы өсімінің мысалдары төмендегідей:

▪ Кіші мейірбике:

  • бұрын — 13 240 сом,

  • енді — 15 606 сом.

▪ Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі (арнайы дыбыстық белгімен жабдықталған):

  • бұрын — 21 597,2 сом,

  • енді — 26 499,2 сом.

Аталған шараны жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 500,9 миллион сом бөлінді. Бұл 16 286 кіші және техникалық персонал қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Қырғызстанда асыл тұқымды мал шаруашылығы цифрлық жүйеге көшірілгенін жазған едік.