Қырғызстанда министрлер кабинеті басшысы мен министрлердің қызмет өтіліне қойылатын талаптар өзгерді

Фото: Қырғызстан министрлер кабинетінің баспасөз қызметі

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров Қырғыз Республикасы министрлер кабинетінің қызметін жетілдіруге бағытталған конституциялық заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі. 

Түзетулерге сәйкес:

Министрлер кабинетi төрағасының және министрлер кабинетiнiң басқа мүшесiнiң лауазымдарында жоғары бiлiмi, мемлекеттiк және (немесе) муниципалды лауазымдарда барлығы 7 жылдан кем емес өтiлi бар, оның iшiнде басшы лауазымдарда 5 жылдан кем емес өтілі бар адамдар, сондай-ақ кемiнде 10 жыл өтiлi бар тұлғалар қызмет ете алады;

Басқа атқарушы органның басшысы лауазымында жоғары білімі бар, мемлекеттік және (немесе) муниципалды лауазымдарда барлығы 5 жылдан кем емес, оның ішінде басшы лауазымында 3 жыл жұмыс өтілі бар адамдар, сондай-ақ кемінде 7 жыл жұмыс өтілі бар адамдар қызмет ете алады.

Қырғыз Республикасында Жогорку Кенеш депутаттарын сайлаудың жаңа жүйесі бекітілгені бұған дейін хабарланған болатын.