Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің мәлімдеуінше, «Ак-Жол — автодорожный» өткізу пунктінде шекарадан өтуіне қатысты барлық мән-жайларды анықтау үшін ішкі тексеріс жүргізіп жатыр.
— Тексеріс нәтижелері бойынша, егер қандай да бір бұзушылықтар анықталса, жауапты лауазымды тұлғаларға белгіленген заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қолданылады, — делінген мәлімдемеде.
NAVAI 13 қазанда Қазақстанға кірген кезде Қордай шекара бекетінде ұсталды.
Наваи 14 қазанда Астанада жеке концертін өткізуі керек еді. Кейінірек ТАСС концерттің болмайтынын хабарлады.
Әнші Наваи Жамбыл облысында қамауға алынды.