Құжатқа сәйкес, айыппұл мен ескертулерге балама ретінде қоғамдық жұмыстар келесі әрекеттер үшін енгізіледі:
- көгалдандыру ережелерін бұзғаны үшін азаматтарға 20 сағат қоғамдық жұмыс жазасы тағайындалады;
- рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастағаны, қалдықтарды сақтағаны немесе өртегені үшін 20 сағат қоғамдық жұмыс;
- рұқсат етілмеген орындарға өнеркәсіптік және медициналық қалдықтарды тастағаны немесе сақтағаны үшін 20-дан 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;
- қоқысты, жапырақтарды, қатты тұрмыстық, өнеркәсіптік қалдықтарды және басқа да заттарды өртегені үшін 20-дан 30 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс;
- су шаруашылығы құрылымына зақым келтіргені, коллекторлық-дренаждық жүйені бұзғаны немесе олардың пайдалану ережелерін қасақана немесе абайсызда бұзғаны үшін 20-дан 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс қарастырылады.
Бұған дейін Қырғызстандағы мемлекеттік марапаттар мен атақтардың саны екі есеге қысқарғаны хабарланған болатын.