Оның айтуынша, жыл басынан бері 24 шілдедегі жағдай бойынша республикада 311 сел болған. Материалдық шығын көлемі 1,1 миллиард сомнан асты. Апат салдарынан елде 22 адам қаза тапты: Ош облысында - 15, Ош қаласында - 5, Жалал-Абад облысында - 1, Баткен облысында - 1.
Естеріңізге сала кетейік, 28 маусымда Қырғызстанның Ноокат облысында сел болды. Табиғи апат салдарынан тұрғындар мен туристер арасында қаза тапқандар бар. Қаза тапқандар арасында қазақстандық балалар да бар.
14 шілдеде Ош қаласында жойқын сел салдарынан 5 адам, оның ішінде бір отбасы мүшелері – анасы мен үш қызы қаза тапты.