Қырғызстанның Мемлекеттік салық қызметінің мәліметінше, патенттің құны айына 800 сомды (шамамен 4,5 мың теңге), ал сақтандыру жарнасы қысқартылған орташа айлық жалақының 6 пайызын құрайды.
Патент рәсімдеу үшін:
кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан (ЦОН) жеке сәйкестендіру нөмірін (ПИН) алу;
аумақтық салық органында салықтық тіркеуден өтіп, алғашқы патентті рәсімдеу;
алғаш жүгінген кезде салық төлеушінің жеке кабинетіне кіруге арналған логин мен құпиясөзді алу;
кейін патенттің мерзімін «Салық төлеушінің кабинеті» арқылы онлайн ұзарту қажет.
Ведомствоның мәліметінше, патент визасыз режим кезеңінде рәсімделеді және тек жеке тұлғаларға жұмыс істеуге құқық береді.
Егер еңбек мигранты заңды тұлғада немесе жеке кәсіпкерде жұмыс істесе, онда барлық салық міндеттемелерін жұмыс беруші салық агенті ретінде орындайды.
Еске салайық, тіркеусіз және қажетті құжаттарсыз жұмыс істеу әкімшілік жауапкершілікке әкеледі.
Осыған дейін Қырғызстан заңсыз мигранттарға айыппұлсыз елден шығуға мүмкіндік бергенін жазған болатынбыз.