Қырғызстан Республикасының Шу облысы Аламудун ауданындағы «Ала-Арча» мемлекеттік табиғи саябағында биіктігі 4050 метр атауы жоқ тау шыңына «Шанхай ынтымақтастық ұйымының шыңы» географиялық атауын беру ұсынылып отыр.
Жарлыққа сәйкес, Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылуының 25 жылдығына және 2026 жылы Қырғыз Республикасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізуге байланысты Министрлер кабинетіне үш ай ішінде Қырғыз Республикасының тиісті заң жобасын әзірлеп, оны Қырғыз Республикасы Жоғарғы Кенешінің қарауына енгізу тапсырылды.
Бүгін Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кезекті отырысы басталады.
Еске салайық, бұған дейін Бішкектегі ШЫҰ саммитінде нендей мәселелер талқыланып, қандай шешімдер қабылданатыны туралы жазғанбыз.