Президент жарлығына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тәртіптік жаза алған (ескерту немесе қатаң ескерту) мемлекеттік қызметкер шетелдік іссапарларға шығу құқығынан айырылады. Сонымен қатар сыйақылар мен көтермелеу төлемдері уақытша тоқтатылады.
— Бұл шара саяси қызметкерлердің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Енді әрбір басшы немесе жоғары лауазымды шенеунік өз міндетін нақты орындауға, ұқыпты болуға, заң мен тәртіпті сақтауға міндетті, — деп мәлімдеді Дайырбек Орунбеков.
Бұған дейін Қырғызстанда мемлекеттік қызметкерлердің іссапар санын қысқарту жоспарланып жатқаны хабарланған еді.
Айта кетелік Қырғызстанда асыл тұқымды мал шаруашылығы цифрлық жүйеге көшірілді.