АСТАНА. KAZINFORM – Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі жаңа қаржы институтын – «Берекет Банк» жабық акционерлік қоғамын құруға рұқсат берді. Тиісті шешімнің жуырда реттеуші органның отырысында қабылданғаны туралы Ұлттық банк мәлімдеді, деп хабарлайды Кабар .
Бұл – соңғы айларда Ұлттық банк тарапынан банк ашуға берілген төртінші рұқсат.
Мәселен, 2025 жылдың тамыз айында «Алма Финанс Банк» ЖАҚ, «Мурас Банк» ЖАҚ және «Асман Банк» ЖАҚ лицензия алған.
Бұдан бөлек, қыркүйек айында Ұлттық банк «Кылым Банк» ашуға рұқсат берген. Ал бұған дейін, 2025 жылдың қаңтарында Қырғыз Республикасының Министрлер кабинеті осы банкті 100 пайыз мемлекеттік қатысумен және жарғылық капиталы 1 млрд сом көлемінде құру туралы қаулы қабылдаған еді.
Айта кетейік, Қырғызстанда баспана бағасының қымбаттау себептері аталды.
Жасұлан Бақытбекұлы
Жасұлан Сейілханов 1986 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген. Мамандығы – журналист. Еңбек жолын 2005 жылдан бастаған. Аудандық, қалалық, облыстық және республикалық газеттерде тілшілік, жетекшілік, басшылық қызмет еткен. Kazinform ХАА шығарушы редакторы.