АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Қырғыз Республикасының Жалаал-Абад облысындағы Жалаал-Абад қаласын Манас қаласы деп қайта атау туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.
Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту және қалаға қырғыз халқының ұлы батыры, елін түрлі шапқыншылықтардан қорғаған Манастың есімін беру.
Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары Жалаал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту жөніндегі заң жобасын үш оқылымда мақұлдаған болатын.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.