Қырғызстанда жалақы 16,1%-ға өсті: ең көп өсім қай салада тіркелген

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан Ұлттық статистика комитетінің мәліметінше, 2026 жылдың қаңтарында орташа айлық жалақы 45 797 сомды құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16,1%-ға өскен, деп хабарлайды Кабар.

Фото: Кабар

Баға өсімін есепке алғанда, нақты жалақы 6,3%-ға артқан.

Жалақы өсімі барлық қызмет салаларында байқалған.

Ең айтарлықтай өсім төмендегідей салаларда тіркелген:

  • Басқарушылық және қосалқы қызмет — 49,4 %

  • Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету — 35,8 %

  • Энергетика (газ, жарық және бу қамтамасыз ету) — 30,5 %

  • Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет — 27,8 %

  • Жылжымайтын мүлік операциялары — 23,1 %

  • Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық аулау — 25,3 %

Осыған дейін Қырғызстан 2030 жылға дейін балабақшамен қамтуды 80%-ға жеткізуді көздейтінін жазғанбыз.