Қырғызстанда Жеңістің 81 жылдығына арналған митинг-реквием өтіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Қырғызстан астанасы Бішкектегі Жеңіс алаңында Ұлы Жеңістің 81 жылдығына арналған митинг-реквием өтіп жатыр. Іс-шараға Садыр Жапаров қатысты, деп хабарлайды Кабар.

Фото: Кабар

Қырғызстанның Мемлекет басшысы Мәңгілік алауға гүл шоғын қойып, соғыста қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ, президент Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және барлық қырғызстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.

Фото: Кабар

Еске салсақ, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсету туралы өкімге қол қойды. Президент қорының қаражатынан 4 848 000 сом бөлінді.
Осылайша Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне 200 мың сом көлемінде біржолғы төлем берілді.