Қырғызстанда жер сілкінді

Фото: Анадолы

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді.

26 тамыз күні Астана уақытымен 15:31-де Қырғызстанда жер сілкінісі болды.

Қазақстан Ұлттық ядролық орталығы Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел дерегі бойынша жер сілкінісінің координаттары: солтүстік ендік 39,83 градус, шығыс бойлық 71,98 градус. Магнитудасы mb=5,1. Энергетикалық класы K=11,6. Тереңдігі h=18 км.

Айта кетейік, бүгін Қытайда магнитудасы 4,7 болатын жер сілкінісі болды. Сонымен қатар Дрейк бұғазында магнитудасы 7,5-ке жеткен жер сілкінісі тіркелді.