Қырғызстанда жер сілкінісі салдарынан 99 үй мен бірқатар нысанға зақым тиді

Фото: Фото: kabar.kg

БІШКЕК. KAZINFORM — Қырғызстанның Нарын облысында 12 мамырда болған екі жер сілкінісі салдарынан 99 тұрғын үй, 3 мектеп, мәдениет үйі мен дүкен зақымданды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі

Қырғызстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Көк-Жар ауылындағы 36 тұрғын үйде, Жаңа-Талап ауылында 28 үй және Мәдениет үйінде, Ақ-Қия ауылында 21 үй және мектепте, Қадыралы ауылында 7 үй, мектеп және дүкенде, Қара-Ойда — 7 үй және мектеп қабырғаларында жарық пайда болды. Оның ішінде зақымданған 46 тұрғын үй сақтандырылған, 53-і сақтандырылмаған.

Залалды анықтау бойынша құрылған аудандық комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. 

Еске сала кетсек, сәуірде Қырғызстанның екі облысында жер сілкінді.