Аурулардың алдын алу және мемлекеттік эпидемиялық бақылау департаментінің дерегі бойынша, 20-26 қараша аралағында республикада ЖРВИ жұқтырған 5050 адам тіркелсе, Бішкекте 4 адам COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Алдыңғы аптамен салыстырғанда ауру 13,1%-ға артқаны байқалады. Вирус жұқтырғандардың 65%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар.
Ауа температурасы төмендегендіктен, тұмауға жатпайтын вирустық инфекциялар, оның ішінде паратұмау, аденовирустар, респираторлық-синтициалдық вирус, риновирус жұқтырғандар саны артқан.
Респираторлық инфекциялардың алдын алу екі түрге – арнайы, яғни вакциналау және арнайы емес болып бөлінеді.
Аурудың алдын алу және мемлекеттік эпидемиялық бақылау департаменті тұмауға қарсы 87110 адам екпе алғанын мәлім етті.