Қырғызстандағы парламенттік сайлау: қосымша халықаралық бақылаушылар тіркелді

Фото: Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы

АСТАНА.KAZINFORM - Қырғызстан Республикасының Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға 127 халықаралық бақылаушы аккредиттеді, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Қырғыз Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, 2 қарашада 54 өкіл халықаралық бақылаушы ретінде аккредиттелді:

  • Әзербайжан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
  • Түркия Республикасының Жоғарғы сайлау кеңесі
  • Молдова Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
  • Грузияның Орталық сайлау комиссиясы
  • Армения Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
  • Мальдив Республикасының сайлау комиссиясы
  • Босния және Герцеговинаның Орталық сайлау комиссиясы
  • Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы
  • Венесуэла Боливар Республикасының Астанадағы елшілігі
  • Франция Республикасының Қырғыз Республикасындағы елшілігі
  • Еуропалық Одақтың Қырғыз Республикасындағы өкілдері
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы
  • Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік Ассамблеясы
  • Ресей Федерациясының Қоғамдық палатасы

Бұған дейін ТМД бақылаушылар миссиясынан, ТМД Парламентаралық Ассамблеясынан және Ресей Федерациясынан 29 халықаралық бақылаушы кезектен тыс парламенттік сайлауды бақылау үшін аккредиттелгені хабарланған.

Мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға 589 адам, оның ішінде 365 ер адам және 224 әйел, өздерін ұсынды. Кандидаттарды тіркеу 9 қарашаға дейін жалғасады. Науқан 10 қарашада басталады.

Айта кетейік, Қырғызстандағы мерзімінен бұрын парламенттік сайлау 2025 жылдың 30 қарашасы, жексенбіге жоспарланған.