Қырғызстандағы сайлау: тағы 393 халықаралық бақылаушы аккредиттелді
БІШКЕК. KAZINFORM – Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлауына аккредиттелген халықаралық бақылаушылардың жалпы саны 770 адамға жетті, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.
Қырғызстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, халықаралық бақылаушылар ретінде келесі елдердің өкілдері аккредиттелді:
- Филиппин Республикасының сайлау комиссиясы;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бақылаушылар миссиясы;
- Қырғыз Республикасындағы Оңтүстік Корея елшілігі;
- Қырғыз Республикасындағы Түркия Республикасының елшілігі;
- Қырғыз Республикасындағы Қытай Халық Республикасының елшілігі;
- Иран Ислам Республикасының елшілігі;
- Қырғыз Республикасындағы Германия Федеративтік Республикасының елшілігі;
- Қырғыз Республикасындағы Моңғолия елшілігі;
- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Парламентаралық Ассамблеясы; • Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясы;
- Шанхай ынтымақтастық ұйымы;
- Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы.
Еске салайық, Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын мерзімінен бұрын сайлау 2025 жылғы 30 қараша, жексенбі күні өтеді.
Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров халыққа үндеуінде парламенттік сайлаудың өту барысын жеке өзі бақылауға ниетті екенін айтты.
5 қарашада Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасында қосымша үш сайлау учаскесін құру туралы қаулы қабылдады. Олар Алматы, Тараз және Шымкент қалаларында ашылады. Бұған дейін Астанада (Қырғызстанның Қазақстандағы Елшілігі), Алматыда (Бас консулдық), Атырау және Қарағанды қалаларында учаскелер жұмыс істеп тұрған еді.
Алдағы мерзімінен бұрын өтетін сайлауға 467 кандидат тіркелген. Халықаралық байқаушылар ретінде алғашында 127 адам, кейін тағы 251 адам аккредиттелді.
Садыр Жапаров өз үндеуінде Қырғызстандағы жағдайды дестабилизациялауға бағытталған кез келген әрекет сәтсіз болатынын мәлімдеді.
10 қарашада басталған 20 күндік үгіт-насихат кезеңі 2025 жылғы 29 қараша сағат 08:00-де аяқталады. ОСК барлық саяси үдеріс қатысушыларын заң нормаларын сақтауға шақырды. Сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті 10 мыңнан астам ішкі істер қызметкері қамтамасыз етеді.
22 қараша күні Қырғызстанда сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыруға дайындалды деген күдікпен 10 адам ұсталды.