Бұл туралы Kazinform агенттігінің Бішкектегі меншікті тілшісі хабарлады.
Бішкектің Бірінші мамыр аудандық сотының қаулысымен бұрынғы екі командир А.К.А. және Д. Д. 2026 жылғы 19 желтоқсанға дейін қамауға алынды.
Оларға Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 401-бабы 3-бөлігі («Ұшу немесе оған дайындық қағидаларын бұзу») бойынша айып тағылды. Бұл әрекет абайсызда аса ауыр зардапқа әкеп соққан.
Еске салайық, 2024 жылғы 17 қаңтарда Бішкек маңындағы Фрунзе-1 авиациялық базасында оқу-жаттығу ұшуы кезінде Қырғызстан Әуе қорғанысы күштерінің тікұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан бір адам қаза тапты.