Ағымдағы жылдың 15 тамызында Бішкектегі «Селмаш» стадионында «Мурас Юнайтед» командасының жаттығуы кезінде ойыншыларға қатысты оқиға орын алғаны атап өтілді. Яғни, оқу-жаттығу жиыны кезінде Ахматалиев клубтың легионер ойыншысы Евгений Терциді ұрып, жағын сындырған.
Осыдан кейін клуб Мирбек Ахматалиевпен келісімшартты бұзу туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты ол 5 жылға дейін футболдан шеттетілді.
– Оқиғада клубтың шетелдік ойыншысы, жартылай қорғаушы Евгений Терци жарақат алып, жақ сүйегі сынған. Оқиғаға себепкер болған ойыншы Мирбек Ахматалиевпен клубтың еңбек қатынастарын тоқтату туралы шешім қабылданды, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, оқиғадан кейін клубтың бапкерлер штабы мен спорт директоры да жұмыстан босатылды.
Айта кетейік, 30 жастағы Мирбек Ахматалиев Қырғызстан құрамасы сапында 2016 жылы дебют жасап, одан кейін команда сапында 4 ойын өткізген.
Бұған дейін Роналду «Әл-Наср» клубына Зиданды бас бапкер етуді сұрағанын жазған едік.