Жапаровтың айтуынша, соңғы жылдары Қырғызстанға келетін туристер саны айтарлықтай өскен.
2020-2021 жылдары елге келетін туристер ағыны жылына 2-3 миллион болса, қазір бұл көрсеткіш 13 миллионға жетті.
Бағалау бойынша, туризм индустриясының дамуы ЖІӨ-нің қосымша 4-5% өсуін қатамасыз етуі мүмкін.
Билік туризм елдің экономикалық дамуының негізгі саласына айналады деп үміттенеді.
Бұған дейін жыл басынан бері 23 мыңнан астам қазақстандық турист Тәжікстанға барғанын хабарлаған едік.