Ведомство мәліметінше, қаза болған қылмыс әлемінің серкесі Қ.Көлбаев пен онымен үлестес болған тұлғалардың заңсыз жолмен иемденген мүлкін анықтау үшін жүргізілген жедел-іздеу шаралары аясында Қырғызстан азаматы Мурат Рамонов ұсталды.
М.Рамонов бәрін заңды деп көрсету үшін Қ.Көлбаевтың қылмыстық жолмен (рэкет, бопсалау, алым-салық, есірткі саудасы) тапқан активтерін өз атына тіркеп, ары қарай оны кей саясаткерлерге беріп отырғаны анықталды.
2020 жылдың қазанында М.Рамонов Қырғыз Республикасының экс-премьер-министрі Сапар Искаковқа қамаудан босағаннан кейін 2015 жылғы «Мерседес-Бенц S600» маркалы бронды автокөлік сыйлаған.
ҚР ҰҚМК дерегі бойынша, 2020 жылдың 5 қазанында Сапар Искаков кейбір саясаткерлермен бірлесіп, бұл көлікті «Ала-Тоо» орталық алаңында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру үшін пайдаланған.