Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды.
Түзетулерге сәйкес, реформа кандидаттар үшін қаржылық кедергілерді азайтуға, халықаралық тәжірибесі бар мамандарды тартуға және дауыс беру форматын өзгертуге бағытталған.
Ұсыныс бойынша депутаттыққа кандидаттар үшін елде міндетті түрде 5 жыл тұрақты тұру талабы толық алып тасталады. Бұл парламентке еңбек мигранттары мен инвесторлардың жолын ашуы тиіс.
Заң жобасында сайлау қорларының шекті мөлшерін екі есе — 20 млн сомнан 10 млн сомға дейін қысқарту, сайлау жарнасын 50%-ға — 300 мың сомнан 150 мың сомға дейін азайту көзделген. Сонымен қатар үгіт жүргізуші бір сайлау округі шегінде тек бір кандидатпен немесе бір саяси партиямен ғана келісімшарт жасай алады.
Егер кандидат теледебатқа келмесе, оған тиесілі эфир уақыты қайтарымсыз түрде басқа қатысушылар арасында бөлінеді.
Бастамашылардың айтуынша, бұл өзгерістер сайлау үдерісінің әділдігі мен бәсекелестігін арттыруға, сондай-ақ кандидаттардың қаржылық мүмкіндігіне қарамастан олардың қатысуына кеңірек мүмкіндік беруге бағытталған.
Еске салсақ, 2025 жылы Қырғызстанда Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау рәсімін жетілдіруге бағытталған конституциялық заңға қол қойылған.
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Қырғызстанда ел басшыларының бір мезгілде шетелде болуына тыйым салынды.