Оның айтуынша, бүгінде Қытай алдындағы берешек елдің жалпы сыртқы қарызының 20 пайыздан сәл астамын ғана құрайды. Қалған бөлігі негізінен Азия даму банкі, Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюта қоры және басқа да кредиторлардың ұзақ мерзімді жеңілдетілген несиелерінен тұрады.
Адылбек Қасымәлиевтің айтуынша, Қырғызстан заңнамасына сәйкес мемлекеттік қарыздың жалпы ішкі өнімге шаққандағы үлесі 60 пайыздан аспауы тиіс. Алайда Президент Садыр Жапаровтың тапсырмасымен бұл шек 50 пайыз деңгейінде белгіленген.
Қазіргі уақытта Қырғызстанның мемлекеттік қарызы ЖІӨ-нің 42 пайызын, ал сыртқы қарызы 22 пайызын құрайды. Ел билігі сыртқы қарыз көлемін азайтып, ішкі қарызды кезең-кезеңімен ұлғайту саясатын ұстанып отыр. Бұған дейін Қырғызстанның сыртқы қарызын 2035 жылға дейін толық өтеуді жоспарлап отырғаны хабарланған.
Айта кетелік Қырғызстан мен Өзбекстан тауар айналымын 2 млрд долларға дейін арттыруды көздеп отыр.