Қырғызстанның оңтүстігінде үш жасанды мұздық жасалды

Фото: ҚР Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің баспасөз қызметі

АСТАНА.KAZINFORM — Бұл шара Баткен өңіріндегі көктемгі суармалы су мәселесін шешуге септігін тигізеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

Мұздықтарды қатыру шаралары жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен жайылым комитеттерінің, үкіметтік емес ұйымдардың климаттың өзгеруіне байланысты проблемаларды шешуге бағытталған жобалары аясында жүзеге асырылады.

Фото: ҚР Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің баспасөз қызметі

Жергілікті билік жасанды мұздықтардың көмегімен жайылымдардағы су тапшылығын, ерте көктемде малды сумен қамтамасыз ету, суармалы жерлерді ылғалмен қамтамасыз етуді көздеп отыр.

Фото: ҚР Президентінің Баткен облысындағы өкілетті өкілінің баспасөз қызметі

Бұған дейін ҚазАқпарат Бішкекте өткен халықаралық конференцияда Орталық Азиядағы су тапшылығы мәселелері талқыланғаны туралы жазған болатын.

Еске сала кетейік, Қырғызстанда кадрлық іс жүргізуді цифрландыру басталды.