Арнайы қызмет бұрынғы басшысының адвокаты Икрамидин Айтқұловтың айтуынша, іс Бішкек қаласының Первомай аудандық сотына қарауға берілді. Камчыбек Ташиев билікті күштеп басып алуды жоспарлады және қызмет бабын асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.
— Онымен бірге іс бойынша тағы жеті айыпталушы бар. Қылмыстық іс құпияланған. Бұл барлық сот отырысы жабық болады және ешкімнің тергеу немесе сот отырысының деректерін жария етуге құқығы жоқ дегенді білдіреді, — деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Еске салсақ, 10 ақпанда Қамчыбек Ташиев министрлер кабинеті төрағасының орынбасары — ҰҚМК төрағасы қызметінен босатылды. ҰҚМК басшысының ауысуынан кейін төрағаның үш орынбасары қызметінен босатылды.
Кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Камчыбек Ташиевтің Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің төрағасы қызметінен кетуіне қатысты түсінік берді.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне жаңа басшы тағайындалды.
Осыған дейін Қырғызстанда ҰҚМК бұрынғы басшысының інісі Шаирбек Ташиев 16 мамырға дейін қамауда отыратыны хабарланды.
Бұған дейін Қырғызстан Ішкі істер министрлігі экс-депутаттың «Қырғызнефтегаз» ашық акционерлік қоғамындағы жемқорлық ісі аясында ұсталғанын хабарлаған.