ҰҚМК мәліметінше, компания мен оның серіктестері Экономика министрлігіне қарасты Монополияға қарсы реттеу қызметі қабылдаған шараларға қарамастан, такси жүргізушілерінің пайыздық мөлшерлемесін негізсіз көтерді, бұл қызмет құнының жасанды өсуіне әкеліп соқтырды.
Қазіргі уақытта кінәлілерді анықтау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда, делінген хабарламада.
Осыған дейін Қырғызстанда 12 баланың тәттіден уланғаны туралы жаздық.
Анықталғандай, 12 жастағы 7 сынып оқушысы Искра ауылындағы қоқыс полигонынан бір пакет «BEN 10» кәмпиттері мен бөтелкедегі тәтті спрейді тауып алып, мектептегі сыныптастарына берген. Артынша балалар тәттілерден уланған.