Қырғызстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 13% деңгейінде қалдырды

АСТАНА. KAZINFORM - Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі 30 қаңтардан бастап күшіне енген есептік мөлшерлемені 13% деңгейінде қалдырды, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Қырғыз Республикасының Ұлттық банкіне сілтеме жасап. 

Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Есептік мөлшерлемені 13% деңгейінде ұстап тұру туралы шешім елдегі инфляциялық процестерді одан әрі бәсеңдетуге және инфляцияны орта мерзімді перспективада 5-7% мақсатты мәндер шегінде ұстауға бағытталған.

Қырғыз Республикасы Ұлттық банкінің ресми өкілі Аида Карабаеваның айтуынша, Қырғыз Республикасындағы инфляциялық процестер баяулауын жалғастыруда. 2023 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция деңгейі - 7,3%-ды, 2024 жылғы қаңтарда – 5,9%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық мәндегі өсімі 2022 жылғы желтоқсандағы 15,8%-дан 2024 жылғы қаңтардағы 1,9%-ға дейін тұрақты баяулауы байқалады.

Ел экономикасы жоғары белсенділікті сақтауда, 2023 жылдың аяғында нақты ЖІӨ өсу қарқыны қызмет көрсету секторы мен өңдеу өнеркәсібінің ең көп үлесі есебінен 6,2%-ды құрады.

Тұтынушылық несиелеудің өсуі, жалақының өсуі және ақша аударымдары ағынының артуы нәтижесінде ішкі сұраныс жоғары болып отыр.