АСТАНА. KAZINFORM — Қырғыз Республикасының Бас прокуроры қызметіне Малик Бектұрғанов тағайындалды, деп хабарлайды Қырғызстандағы Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров тиісті жарлыққа қол қойды.
Бүгін Жогорку Кенеш отырысында депутаттар Малик Бектұрғановты Қырғыз Республикасының Бас прокуроры қызметіне тағайындауға келісім берді.
Бұған дейін елдің Бас прокуроры қызметін Мақсат Асаналиев атқарған. Ол қыркүйек айының басында Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалған еді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.