Оның айтуынша, қазіргі таңда Қырғызстан шекарасында жер дауы мәселесі толық шешілген, даулы аймақтар қалмаған.
— Бұрын қарулы қақтығыстар болып, шекараны қорғаған талай батырларымыз қаза тапты. Енді мұндай жағдайлар қайталанбайды деп сенемін, өйткені енді бөлетін жер жоқ. Біз бейбітшілік пен татулықта өмір сүреміз, — деді Камчыбек Ташиев.
Ол сонымен қатар шекарадағы ауыр техника мен қару толықтай әкетілетінін, ал шекарашыларда тек жеңіл атыс қаруы ғана қалатынын айтты.
— Бұл шешім көрші мемлекеттермен келісім негізінде қабылданды. Шекара қызметі енді жеңілдетілген тәртіпте жұмыс істейді, — деді ол.
Айта кетейік, 2025 жылғы ақпанда Қырғызстан мен Тәжікстан шекара мәселесін толық реттеп, мемлекет басшылары Мемлекеттік шекара туралы шартқа қол қойған болатын.
Ал 31 наурызда Хужанд қаласында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері үш ел шекарасының түйісу нүктесі туралы келісім мен «Мәңгілік достық жөніндегі Хожант декларациясын» қабылдады.