ITTF жариялаған жаңа рейтингте, Кирилл Герасименко 32 сатыға жоғарылап, 48-орынға жайғасты. Ал неміс спортшысы Дмитрий Овчаров бір сатыға көтеріліп, рейтингте көш бастаса, Фань Чжэньдун (Қытай), Болль Тимо (Германия), Линь Гаоюань және Сюй Синь (Қытай) ТОП - 5 қатарынан көрінді.
Айта кетейік, Дмитрий Овчаров ITTF рейтингінде соңғы 7 жылда алғашқы рет қытайлық спортшыларды көш басшылық орнынан тайдырып отыр.
Фото prosports.kz