Кирилл Герасименко ITTF рейтингінде 43-орынға көтерілді

АСТАНА.ҚазАқпарат - Халықаралық үстел теннисі федерациясы (ITTF) 2018 жылғы ақпан айының рейтингін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Федерация Мажарстандағы ашық чемпионаттан кейінгі жасаған жаңа рейтингте, қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко 5 сатыға жоғарылап, 43-орынға жайғасты. Ал неміс спортшысы Дмитрий Овчаров, Фань Чжэньдун (Қытай) және Болль Тимо (Германия) үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, Кирилл қаңтар айында Мажарстандағы ашық чемпионаттың 1/8 финалына дейін жетіп, үш дүркін әлем чемпионы, әлемдік тур аясында Астанада өткен Гранд-финалдың жеңімпазы - қытайлық Фан Жендонгадан жеңіліп қалған болатын.