Жаңартылған рейтингіде қазақстандық спортшы Кирилл Герасименко 9 сатыға жоғарылап, 34-орынға жайғасты. Ал неміс спортшысы Болль Тимо бірінші орынға көтеріліп, қытайлық Фань Чжэньдун және Дмитрий Овчаров (Германия) үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, Кирилл қаңтар айында Мажарстандағы ашық чемпионаттың 1/8 финалына дейін жетіп, үш дүркін әлем чемпионы, әлемдік тур аясында Астанада өткен Гранд-финалдың жеңімпазы - қытайлық Фан Жендонгадан жеңіліп қалған болатын.