АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық Кирилл Герасименко Алматыда өткен үстел теннисінен еліміздің абсолютті чемпионы атанды.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, ол ел чемпионатында үш алтын медаль иеленді. Аралас жұпта Зәуреш Ақашевамен бірге жеңіске жетсе, ерлер жұбында Қадырәлі Қабдылуахитовпен екеуі топ жарды.
Ал жекелей сында финалда Алан Құрманғалиевтен басым түсіп, чемпиондық тұғырға көтерілді.
Үш бағдарлама бойынша үздік атанған Кирилл Герасименко 2025 жылғы ел чемпионатының абсолютті жеңімпазы атанды.
Еске салсақ, Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатының командалық сайыстарының жеңімпаздары анықталды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.