АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Шымкенттің «Ордабасы» командасының бас бапкері Кирилл Кекер «Жеңіс» клубынан жеңілісінен (1:2) кейін қызметінен кету жөнінде өтініш берді.
Бас бапкер бұл шешімді өз қалауы негізінде қабылдаған.
Ол шымкенттік клуб тізгінін тамыз айында ұстаған еді. Аталған қызметте маман беларусьтік Александр Сенденвті алмастырды. Келісім-шарт жыл соңына дейін жасалды.
Айта кетсек, шымкенттік клуб қатарынан екі мәрте жеңіліп, турнир кестесіндегі жағдайын қиындатып алды. Өткен жылы чемпиондық атаққа қол жеткізген команда биыл да сол жетістігін қайталауды алдына мақсат етіп қойған болатын.
Сондай-ақ Кирилл Кекер сәуір айында алматылық «Қайраттың» бас бапкері қызметінен кетті.
Осылайша биыл екі мәрте аталған қызметтен бас тартуға мәжбүр болып отыр.
45 жастағы маманд 2022 жылғы маусымнан бастап «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.