Кирилл Кекер «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметінен кетті
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық маман Кирилл Кекер шымкенттік «Ордабасы» командасының бас бапкері қызметінен кетті.
К.Кекер бұл қызметке биылғы жылдың тамыз айында келген еді.
Команда ел біріншілігінде төртінші орынды місе тұтты. Осыған байланысты шымкенттік ұжым сапынан көптеген ойыншылар басқа командаларға ауысты.
Оған дейін Кирилл Кекер 2022 жылғы маусымнан бастап «Қайрат» футбол клубының бас бапкері болды. Алматылық клубтың бас бапкері қызметінде 60 матч өткізген. Оның 29-ында жеңіске жетіп, 15 кездесуде тең түссе, қалғанында қарсыластарына есе жіберді.
Ол «Қайраттың» сәуір айында «Қайсардан» жеңілгенінен кейін өз еркімен қызметінен кетті.
- Кирилл Кеккер келісімшарттың аяқталуына байланысты клубтан шықты. Біз оған кәсібилігі мен жасаған жұмысы үшін алғыс айтамыз. Оның жұмыс қызметін жалғастыруда табыс тілейміз, - деп жазылған хабарламада.