Кірістер комитеті электронды шот-фактураның қағаз көшірмесіне қатысты сынға жауап берді

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде электронды шот-фактураның қағаз көшірмесінің болмауына байланысты қиярды Ресей Федерациясына экспорттау кезінде автокөлік құралының шығуына тыйым салу фактісі туралы ақпарат таратылуда. Бұл оқиғаға Мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитет Қазақстан Республикасы ДСҰ-на кіру барысында үшінші елдерден импорт кезінде ДСҰ-ның төмендетілген мөлшерлемелері бойынша кедендік баждар төленген тауарларды, ЕАЭО елдеріне әкетуге жол бермеу бойынша міндеттемелер қабылдағанын еске салады.

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2016 жылғы 12 тамыздағы № 5 шешімімен Қазақстан Республикасының аумағынан, ЕАЭО аумағына алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды өткізу кезінде, тауарға ілеспе жүкқұжат ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органының мөрімен куәландырылған электронды шот-фактураның (ЭШФ) қағаз көшірмесі болып танылады.

ЕЭК-тің 2019 жылғы 19 сәуірдегі шешімімен СЭҚ ТН коды 0707000504 «Қияр» тауарлардың алып қою Тізбесіне енгізілді.

Осыған байланысты, алып қою Тізбесіне енгізілген тауарларды әкету үшін мемлекеттік кіріс органдары куәландырған ЭШФ көшірмесі міндетті түрде болуы қажет.

Жалпы, ЭШФ қағаз көшірмесін мемлекеттік кірістер органдарымен куәландыру 2015 жылдан бастап жүзеге асырылады және құжаттарды Тізбеден тауарларды әкету шарттарына сәйкестігін тексеру қажеттілігіне негізделген.

Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызметтің барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасы мен Одақ елдерінің заңнама нормаларын сақтауға шақырады.

Барлық сұрақтар бойынша Call-орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады